Күз балықшылар үшін ең қолайлы кезең болғандықтан көптеген әуесқой балықшылар бос уақыттарын балық аулауға жұмсайды. Өйткені, балық аулау — демалыстың тамаша түрі. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, ол өте қауіпті болуы мүмкін. Өкінішке орай, көптеген әуесқой балықшылар бұл туралы ұмытып кетеді.
Күзгі және қысқы балық аулау кезінде адам өлімінің алдын алу мақсатында Қонаев қаласындағы балық аулау құралдарын сататын 35 дүкенде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы профилактикалық іс-шаралар өткізіп, үгіт-профилактикалық материал таратып, сатушылармен және сатып алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ тұрақты негізде Алматы облысының су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі, онда азаматтарға балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріледі.
Мәселен, 2023 жылдың басынан бері 32 балықшы құтқарылып, балық аулау кезінде 1 адам қаза тапты, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау) 24 балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балықшылардың қатысуымен су айдындарындағы төтенше жағдайлардың негізгі себептері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.