Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында республикалық Төлеген Айбергенов оқулары өтті

Байқау оқушылар арасында ақын шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас талапкер ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

05.11.2023
Аймақ

Республика көлемінде өткізілген алғашқы Т. Айбергенов оқуларының өтуіне Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесі және «Жас дарын» орталығы мұрындық болған.

«Т. Айбергенов оқулары бұған дейін Іле ауданында жүйелі түрде өткізілді. Осыны негізге ала отырып, республикалық деңгейде өткізу туралы шешімге келдік. Барлық ақын-жазушыларымыз дәріптеліп жатқанда Т. Айбергенов қалдырған әдеби мұраны жаңғырту ісі кенжелеп қалды, аталмыш олқылықтың орнын толтыру мақсатында оқушылар арасындағы сайысты ұйымдастырдық», — дейді облыстық «Жас дарын» орталығының директоры Диана Онбырбаева.

Өн бойына өлеңнің нәрін сіңіргендер мен әннің құдіретін сезінгендер бас қосқан байқауға еліміздің 10 өңірінен келген 50 оқушы бақ сынады. Соның ішінде, Алматы облысының намысын 10 бірдей жас қорғады.

Додаға қатысушылар 5 бағыт бойынша сайысқа түсті.

Атап айтар болсақ, «Өз ғасырым өзімнің иінімде» бөлімінде жас өрендер Т. Айбергенов өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтудан жарысты. Ал, «Барады кең дүние әнге айналып» бағытында қатысушылар ұстаздарымен бірге ақынның сөзіне жазылған әндерді жанды дауыста шырқады, сонымен қатар, «Жүрегімнің лапылдаған отымен» аталымында Т. Айбергенов ізбасарлары өзара жүлдені сарапқа салды. «Толқиды бір кеудемде кернеген шер» бағытында қаламы ұшталған қатысушылар ой өрнегін бедерлеп, қағазға түсірді. Сондай-ақ, «Шын дос болсаң бір келіп сырласып кет» бөлігінде ақын шығармаларының біріне қол өнер немесе бейнелеу өнері жанрында илюстрация құрады.

Дарынды жастардың талабы мен талантын әділ қазы алқалары бағалады. Сөз өнерінің зергері, алаштың айнасы Мұхтар Шаханов қара сөзден өлең өріп, ақын шығармасын жатқа білген өрендерге төрелік етсе, күміс көмей, жез таңдай әнші Гүлнар Сиқымбаева ән салған өнерпаздарға өз бағасын берді.

Қара қылды қақ жарған қазылардың сұрыптауынан шын жүйріктер ғана оза шапты.

Байқау қорытындысы бойынша әр аталымнан 6 бала жүлделі орындар иеленді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz