Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы визит-орталықтар үздік бестікте

Қазақстанның Ұлттық саябақтарындағы туристер ең көп баратын визит-орталықтардың үздік бестігі жарияланды.

02.11.2023
Аймақ

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы статистика бойынша, Алматы облысындағы «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалындағы «Turgensai» және «Аюсай» туристік визит-орталықтарына еліміз бойынша ең көп саяхатшы келген. Алғашқы алты айда бұл орталыққа 258 632 адам саяхаттаған.

Екінші орынға алты айда 49 332 келушілерді жинаған Алматы облысының Шарын каньонындағы «Sharyn» визит-орталығы жайғасты.

Ал үшінші сатыға Ақмола облысының Зеренді қаласындағы визит-орталық тұрақтады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында орталық 11 709 адамды қабылдаған.

Сондай-ақ Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығының сапар орталығына 7 мыңнан астам адам барса, Алматы облысының Алтын-Емел ұлттық саябағындағы «Алтын-Емел» орталығына 6 мыңнан астам адам келген.

«Ұлттық парктердегі визит-орталықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы алаңының 5 пайызынан аспайды және экологияға зиян келтірмей жұмыс істейді. Туристерге орналасу орны және келу ережелері туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ тамақтану және уақытша орналастыру қызметтері көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай нысандарға сұраныс артып келеді», — деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Тегтер: Алматы облысывизит-орталық

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz