Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 200-ден аса автогаз бекеті қатаң бақылауда

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті басшысының орынбасары Қанат Есболғанов мәлімдеді.

02.11.2023
Аймақ

Қазіргі таңда аймақта тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымы жұмыс істейді. Атап айтсақ, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша тиесілі 8 газ желісі және 4 газ толтыру пункті бар.

Қанат Есболғановтың айтуынша, 2 қабаттан биік үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға болмайды.

«Тұрмыстық газ баллондары көптеген үйлер мен кәсіпорындар үшін маңызды және ыңғайлы энергия көзі болып табылады. Алайда, сығылған газ цилиндрлерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік өте маңызды. Газ баллондарын дұрыс пайдаланбау және сақтау ауыр апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін», — деді Қанат Есболғанов.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі осы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік нысандарға рейдтік тексерулер жүргізеді.

Биыл аймақта тұрмыстық баллондарды дұрыс қолданбау салдарынан 6 төтенше жағдай орын алды. Бұл ретте 14 адам зардап шекті.

Айта кету керек, қазіргі кезде департаменттің бақылауында облыс бойынша 4 магистральдық газ құбыры бар.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz