Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жыл басынан бері сүт безі обырымен 200-ден аса науқас тіркелген

Бұл туралы Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының онкомаммологы Дәулет Айдаров баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

02.11.2023
Аймақ

Даулет Айдаровтың айтуынша сенбі күндері «Қызыл қазан» атты акция өткізілді. Яғни Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде ашық есік күні өтті. Бұл күні әйелдер маммологтан тегін кеңес алу және УЗИ-ден тегін өту мүмкіндігіне ие болды.

«Сүт безі обырын ерте анықтағанда емделу ықтималы өте жоғары және 90%-дан астам жағдайда емделеді. Аурудың 3 және 4-ші сатысында ем-дом шаралары айтарлықтай нәтиже бермейді. Көбінесе әйел адамдар скринингтен өтуден қорқып, салғырт қарап жатады. Кез келген сырқат түрі ерте анықталса емдеу де оңай болады. Сондықтан денсаулықтарыңызға жауапты қарауды шақырамын», — дейді Даулет Айдаров.

Өңірде биылғы жылдың көрсеткіші бойынша алғаш рет анықталған қатерлі ісікпен 1528 науқас есепке алынып, оның ішінде сүт безі обырымен ауыратын 226 науқас тіркелген. Жалпы сүт безінің қатерлі ісігімен ем алып жатқан және диспансерлік есепте тұратын науқастар саны 2295 әйел адам.

Мамандар, Қазақстанда әйелдер 2 жылда 1 рет тегін профилактикалық маммографиядан тексерістен өтіп тұрулары керектігін ескертеді.

Айта кетейік, тегін қатерлі ісік скринингіне байланысты барлық ақпарат еліміздің барша емханаларында бар.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz