Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданындағы ескірген ғимараттарды аралады

Алматы облысының әкімі аудан тұрғындарымен кездесуден соң, күрделі жөндеуді талап ететін ғимараттарды аралап шықты.

30.10.2023
Сұхбат

Алдымен ол күрделі жөндеуді қажет ететін Шонжы ауылындағы №3 Илья Молутов атындағы орта мектепке барды. Нысан 1975 жылы бой көтерген. Мұнда 598 оқушы білім алады. Жобалық-сметалық құжаты дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Енді құрылыс-монтаж жұмыстарына 1 млрд 391 млн теңгеден астам қаржы қажет.

Осы жерде Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Дастан Құдабаев төменгі аймақтың суару желілерінің, Арасан учаскесінде пайда болатын ағынды сулардың проблемалары, дренаждық желілерді тазарту бойынша жұмысты жалғастыру, тау аймақтарында шағын су қоймаларын салу сынды өзекті мәселелерді хабарлап, облыс басшысынан осы проблемаларды шешуде қолдау көрсетуін сұрады.

Бұдан кейін өңір басшысы Шарын ауылына барды. Елді мекенде аудандағы ең үлкен Мәдениет үйі орналасқан. Өткен ғасырдың 70 жылдары салынған 600 орынды нысан бүгінде қараусыз қалған. Ауылдағы 6 бірдей мәдениет қызметкері аядай бөлмеде отыр. 2010 жылы күрделі жөндеуге қаражат бөлінген. Бірақ мердігердің жауапсыздығынан жұмыс аяқсыз қалған. Осының бәрін көзімен көрген Марат Елеусізұлы мәселенің оң шешілуіне қолдау көрсететінін айтты.

Марат Сұлтанғазиев осы ауылдағы М.Хамраев атындағы орта мектепке де кіріп шықты. Тәуелсіздік алған жылы салынған оқу ошағының бір жағы сызат беріп, қабырғалары жарылып, іргетасы отырған. 784 оқушы оқитын мектептің бір блогы жабылғанына 4 жыл уақыт болған. Марат Сұлтанғазиев уақытылы басшылықты хабардар етіп, құжаттар дайындамаған ауыл әкімін сынға алды. Ол тиісті рәсімдерді тездетіп жасап, бюджетке өтінім беруді тапсырды.

Күніне 25-30 адамға дейін қабылдап, ем-дом жасап отырған ауылдағы аурухананың жайы да мүшкіл. Күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасалған. Құны 2,4 млрд. Бұл өте қомақты қаражат. Бөлінуі де екіталай. Сондықтан аурухана мамандары облыс әкіміне ескірген ғимаратты жөндегеннен гөрі, жаңа заманауи ғимарат салу ісі қолға алынса деген ұсыныс айтты. Нысанның жайымен жіті танысқан өңір басшысы бұл мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

«Орталықтар жетіспейді»: облыс әкімі Талғардағы проблеманы көтерді

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz