Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Аңсаған сәби»: Алматы облысында 523 отбасы сәбилі болды

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523 отбасыға осы бағдарлама бөлінген.

27.10.2023
Аймақ

2022-2023 жылдары 19 000-нан аса әйелге ЭКО жасалып, олардың 7000-нан астамы жүкті болған. Айта кетейік, эко орталықтарына қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленеді.

Бүгінде елімізде 15 мың ерлі-зайыпты бедеулік диагнозымен есепте тұр. Демек, елімізде әр алтыншы жұп бала сүюді аңсайды.

Елімізде осы бағдарлама іске қосылғалы 5 мың бала дүниеге келген.

Квотаны алу мен тіркелу жолын облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Пернебайқызы түсіндірді.

«Әр екінші әйелдің құрсағына сәби бітті. Дегенмен тегін эко жасату мүмкіндігі екі жағдайда ғана берілетінін де айту керек. Еркектік фактор әсер еткенде және әйелде жатыр түтікшесі болмаған жағдайда ғана квотаны алуға мүмкіндік бар», — деді ол.

Экстракорпоральды ұрықтандыру еліміздегі 19 клиникада жүргізіледі. Оның 7-і Алматы қаласында. Алматы облысындағы отбасылар осы клиникалардың көмегімен балалы болуға тырысып жатыр.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері МӘМС есебінен 20 мыңға жуық әйелге экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілген. 2022-2023 жыл аралығында 5 мың нәресте дүниеге келген.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz