Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысында салынатын ГЭС-тің пайдасы бар ма?

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Кеген ауданының тұрғындарымен кездесуінде жұрт жаңадан салынатын ГЭС туралы сұрақ қойды.

27.10.2023
Сұхбат

«Бізде «Мойнақ» ГЭС-і бар. Енді содан төменірек аумақта тағы бір ГЭС салынады дейді. Нысаннан халыққа қандай пайда болады?» — деді Рауан Жанұзақов.

Сұраққа жауап қатқан облыс әкімі әлі ГЭС тұрғызылады деген түпкілікті шешім шықпағанын айтты.

«Иә, «Ақтоғай» ГЭС-ін салу жоспарланды. Бірақ, әлі шешім шығарылған жоқ. Нысанның қуаттылығы шамамен 300 мВт болады. Қазіргі таңда электр қуатын өндіретін ошақтардың маңыздылығы жоғары. Себебі, ток болмаса, даму жоқ. Инвесторларды тарту да қиынға түседі. ГЭС-тің жалпы республикаға пайдасы бар. Өйткені, Қазақстанда электр қуатын тасымалдаушы жалғыз оператор — «KEGOC» компаниясы. Ол арқылы «Алатау Жарық Компаниясына» тасымалданады. Ал бұл серіктестік Алматы облысын электр энергиясымен қамтамасыз етеді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар өңір басшысы «Мойнақ» ГЭС-і бюджетке айтарлықтай салық төлеп отырғанын айтты.

«Ауданның биылғы бюджеті 9,3 млрд теңге болды. Оның 29%-ы (2,4 млрд. тг) ауданның өзінің кіріс көздері құрап отыр. Қалған бөлігі – республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Оның ішінде, «Мойнақ» ГЭС-нен түсіп отырған салық көп. Осы түскен ақшаға ауылда, ауданда жұмыстар атқарылып жатыр. Сол себептен, қаншалықты мұнда бизнес дамыса, соншалықты бюджет те өседі, халықтың әлеуметтік мәселесі де шешіледі», — деді аймақ басшысы.

Бұған дейін облыс әкімі жаңа салынатын ГЭС жобасының таныстырылымына қатысқан еді.

Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданындағы нысандарды аралады

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz