Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев Қонаевтағы орталық саябақты аралап шықты

Баршамызға мәлім, Қонаевта орталық саябақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

24.10.2023
Сұхбат

Қазіргі таңда жұмыстың 95%-ы аяқталған. Осыған байланысты өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев саябақты аралап шықты.

Адамдар демалуға арналған жерде екі түрлі фонтан орнатылған. Оның бірі білезік іспеттес жасалып, екіншісі мәрмәр тасынан тұрғызылған. Бұдан бөлек, жерге төселген тастары ауыстырылып, саябақтың жазуы өзгертілген. Мердігер компания басшысының орынбасары Аслан Жазаевтың айтуынша, күрделі жөндеу кезінде жасылдандыруға ерекше көңіл бөлінген.

«Алдымен қаланың климатын зерттеп алып, кейіннен 5 түрлі ағаштан 584 түп ектік. Жалпы газонымен қосып есептегенде жасылданған жердің аумағы 5200 шаршы метрді құрайды. Ал парктің көлемі — 8 гектар. Күрделі жөндеуге 984 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды», — деді компания өкілі.

Парктегі сахна мен көрермен отыратын жер де толығымен жөндеуден өткен. Мұнда кәсіпкерлер сауда жасауы үшін біркелкі дүңгіршектер орналастырылады. Оған бюджеттен қаражат бөлінбейді. Саудагерлер өз қаржысына салып, жан-жағын күтіп ұстайтын болады.

Тағы бір өзгеріс — футбол алаңы мен спорт алаңының тұрғызылуы. Алаң салу үшін құжаттарға өзгеріс енгізу керек болған. Сондықтан саябақтың ашылуы кейінге шегерілген.

Сондай-ақ парктің жарық бағаналары ауыстырылып, заманауи шамдар орнатылған. Тұрғындар отырып демалатын 160 орындық қойылған. Мұнда кафе, балаларға арналған батут, көліктер де бар. Олар жеке кәсіпкерлердің иелігінде.

Көрсе көз тартар саябақты аралаған облыс әкімі ағаштардың міндетті түрде күтімі жақсы болу керек екенін айтты.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz