Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Құтқарушы мамандығының мәртебесі биік – Марат Сұлтанғазиев

Бүгін елімізде «Құтқарушы күні» тойланып жатыр. Осыған байланысты Алматы облысында салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.10.2023
Сұхбат

Қонаев қаласының орталығына жиналған төтеншеліктерді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев құттықтады.

«Дәл осы күні, 28 жыл бұрын Президенттің Жарлығымен егемен еліміздің тарихында тұңғыш рет азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган – ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Сол Комитет бүгінде елімізде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халыққа қорған болатын тұтас Министрлікке айналған», — деді тарихқа көз жүгірткен әкім.

Алматы облысының әкімі құтқарушы мамандығының мәртебесі биік екенін айтты.

«Сіздер өз бастарыңызды қатерге тігіп, өзгелердің өмірін сақтау жолында аянбай еңбек етесіздер. Мұндай игілікті іс ержүрек, қайсар мінезді, антына адал азаматтарға ғана тән. Сондықтан төтенше жағдай саласында қызмет атқарып жүрген әр адам ерекше құрмет пен қошеметке лайық. Кез келген қоғамда құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын!» — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан кейін облыс әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен бірқатар маман марапатталды. Сондай-ақ өңірдегі ТЖД-ға 14 қызметтік көліктің кілті табысталды.

Шара Марат Сұлтанғазиев пен құтқарушылардың Д. Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюымен аяқталды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz