Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады.

18.10.2023
Сұхбат

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай жұмыстар атқарылатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

«Облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қонаевтың Бас жоспары бекітілді. Жоспарға сай, жаңа шаһардың аумағы 19 мың гектарды қамтиды. Халық саны 2050 жылға қарай 200 мыңға жетеді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қазіргі аумағында салынады. Жақында жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін қаланы дамытудың Кешенді жоспары қабылданады.

Ал 2-ші кезеңде «Жаңа Іле» алаңы игеріледі. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдениет, білім беру ғимараттары, тұрғын-үй кешендері және рекреациялық мақсаттағы нысандар салынады.

Бүгінде шаһар маңындағы саяжайлардың да болашағы белгілі болған. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Бас жоспарға сәйкес, 6 мың адам тұратын 9 саяжай алқабы қала шекарасына енгізілді. Олардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады.

Аталғандардан басқа, аймақ басшысы облыста құрылыс нысандарын салуға талап күшейтілгенін атап өтті. Мысалы, Қонаевта салынып жатқан 10 көпқабатты үйдің жетеуінің жобасы толықтыруға жіберілген. Оларға қасбетіне, абаттандыруға, автотұраққа байланысты ескертулер берілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz