Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген

Алматы облысында алма бағынан ірі көлемде қарасора плантациясы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

16.10.2023
Аймақ

«Алматы облысын тікұшақпен тексеру кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында «үнді» қарасорасының плантациясын тапты. Қарасора алма бағында 15 гектар жерде өсірілген. Жеміс ағаштарының арасында жасырылып отырғызылған есірткі өсімдігі толық суарылып, бапталған. Есірткі өнімін жасыру үшін оны өсірушілер осы тәсілді жиі қолданады. Көбіне олар жүгерінің, жеміс ағаштарының және басқа да дақылдардың плантациясында өсіріп жатады. Сондықтан қарасораны күздің аяғында, яғни ағаштар жеміс беріп, жапырақтары түсе бастаған шақта анықтау мүмкіндігі бар», — деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жер учаскесінің иесі – бұрын есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғын. Одан жалпы салмағы 2,8 тонна болатын, 900-ден астам үнді қарасорасының бұтасы тәркіленді.

«Қарасораның бұл сортының ерекшелігі — ұзындығы 4 метрге дейін барады, салмағы 10 келідей болады. Мұндай марихуананың бір келісінің құны қара нарықта жарты миллион теңгеге жетеді. Сондықтан құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауға, өсіруге және сатуға байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Қарасора» арнайы операциясы маусым айынан қазан айының соңына дейін жалғасады», — дейді ол.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев обратился к собравшимся

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев подписал новую Конституцию Республики Казахстан

Николай Иващенко
17.03.2026

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz