Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы — 457,4 мың га. Деректеріне сәйкес, дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы — 183,6 мың га. Бүгінгі таңда дәнді-масақты дақылдар 99,6% жиналды. 19,2 мың га майлы дақылдардың 59,6% жиналды, орташа өнімділік 11,7 ц/га құрап отыр.
22,7 мың га алқаптан 443,3 мың тонна картоп (94,8%) жиналды, орташа өнімділік 196,4 ц/га. 22,6 мың га көкөніс-бақша дақылдарынан 657,3 мың тонна (85,9%) өнім жиналды, орташа өнімділік 272,0 ц/га.
Сонымен қатар, облыс бойынша күздік дақылдарды егу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 26,1 мың га жоспарланған дақылдардың 77,3% егілді, оның ішінде бидай 21,5 мың га, арпа 3,8 мың га, басқа да дәнді дақылдар 0,7 мың га.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ қаржыландырудың жиынтық жылдық жоспары 60,7 млрд теңгені құрайды.
Төлем жоспары 52,66 млрд теңге, оның ішінде субсидиялар бойынша төлем жоспары — 26,6 млрд теңге.
Қазіргі уақытта тауар өндірушілерден жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 12 өтінім келіп түсті және өткен аптада олардың инфрақұрылымын тексеру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 09-13 қазан аралығында 12 өтінім мақұлданып, 106,1 млн теңге берілді.





