13 қазан күні эпидемиологтар Балқаш аудандық спорт мектеп-интернаты, Жамбыл Жабаев атындағы №1 орта мектеп, Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия, Бірлік, Бақбақты, Ақдала ауылдық мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін бірнеше семинар өткізді.
Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Л. Абдукаримова мен эпидемиолог дәрігерлер Т. Мырзағұлова, Н. Қасымов АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шараларын слайд арқылы түсіндірді. Ең бастысы, жас кезден нашақорлық, шылымқорлық т.б. зиянды әдеттерден аулақ болып, мінез-құлықты көркемдеуге маңыз беру керектігін алға тартты.

«АИТВ және ЖИТС» бейнефильмін тамашалаған соң қатысушылар сұрақтарын қойып, алған білімдерінің нәтижесі ретінде сауалнама толтырды.
Іс-шараларға мыңнан аса жасөспірім қамтылды.





