Қаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.
«Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 28 мамырда соттың санкциясымен Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.