Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов облыс активіне Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалған Арсен Жақыповты таныстырды, деп хабарлайды ҚР МҚІА баспасөз қызметі.
Арсен Абзалұлы Жақыпов 1993 жылы дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму» мамандығын бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк университетінің (Ұлыбритания) түлегі.
Еңбек жолын Талдықорған қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Нарынқол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, мемлекеттік қызметтер басқармасының жетекші маманы және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы және мемлекеттік органдарда қоғамдық қатысу және ашықтық қағидаттарын дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Лауазымға тағайындалғанға дейін А.А. Жақыпов Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы Павлодар облысы бойынша өкілдігінің басшысы қызметін атқарды.