Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы петроглифтерді бүлдіріп жатыр: жанашырлар дабыл қағуда

Археологтар мен ғылыми еріктілер Алматы облысы мен Жамбыл облысының шекарасында орналасқан "Аққайнар" петроглифтерінің бүлініп жатқанын айтып, дабыл қағуда деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

11.10.2023
Аймақ

Бұл суреттер қола дәуірінен бастап этнографиялық уақытқа дейін жартастарға қашап салынған. Археологтардың айтуынша, петроглифтер әскерилердің «дембельдік альбомына» айналып барады. Себебі, Аққайнар әскери полигонға жақын орналасқан.

«Петроглифтер — тарихтан сыр шертетін мұра, өкінішке қарай, бұл жер қоқыс алаңына айналды. Сонымен қатар мұнда көп адам естелік жазба қалдырғысы келеді. Жартастарға әлдекімдердің аты-жөні, махаббат туралы ойлары жазылған», — деді «Бекен ата» қорының директоры Бекбол Нұрмұханбетов.

Ал осы петроглифтер ғылымын дамытумен айналысатын Ольга Гумирова бұл жартастардағы суреттерді сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар жайлы айтты.

«Қазір біз аталған мәселені Мәжіліс депутаттарына жеткізіп, Қорғаныс министрлігімен байланыс орнаттық. Әскери қызметтегілер тек елді қорғап қана қоймай, табиғатты да қорғайды деп үміттенеміз», — деді Ольга Гумирова.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz