Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевқа «Rotary International» ұйымы келді

Кеше Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына дүниежүзіндегі Rotary клубтарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес бірлестік болып табылатын Оңтүстік Кореядан Rotary International гуманитарлық-қайырымдылық ұйымының делегациясы келді.

10.10.2023
Аймақ

Оларды аурухана директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызы қарсы алып, қабылдау, жансақтау, травматология және хирургия бөлімшелерін аралау барысында емдеу мекемесінің қызметі мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар, тараптар одан әрі серіктестік туралы өзара тиімді меморандумға қол қойды.

Клуб жетекшілерінің бірі Ян Мун Бон мырза сұхбат барысында айтқандай, Rotary International өзін ұлты мен нәсіліне, діні мен саяси көзқарасына қарамастан барлық елдерге ашық, діни емес және саяси емес клуб ретінде танытып үлгерген.

«Rotary International» ұйымының мәліметтері бойынша дүниежүзінде 1,4 миллионнан астам мүшесі бар 46 мыңнан астам клубтары бар жетекші ұйым. Клуб өзінің негізгі ұранын «Халық мүддесі бәрінен биік» десе, ал екінші ұраны «Ең жақсы қызмет ететіндер көп табыс табады».

Аурухана директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызының айтуынша, ол Rotary International клубының қызметін көптен бері бақылап келеді.

«Мен бүгін Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездескеніме қуаныштымын. Біз туралы жылы пікірлерді тыңдадық және бұл біздің ұжым үшін өте маңызды сәт. Қонақтарымыз бөлімшелердің жабдықталуын, ондағы тәртіп пен тазалықты атап өтті. Бұл клубтың әлемдегі алғашқы филиалы Чикагода құрылғанын айта аламын. Клубты 100 жылдан астам бұрын Пол Харрис және оның кәсіпкер, тау-кен инженері және көмір бизнесінің иесі болған үш досы құрған. Харрис сол кезде өзі туып-өскен шағын қаладағы іскер адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастық рухын жаңғыртқысы келді», — деді ол.

«Rotary» атауы клуб мүшелерінің кеңселеріндегі жиналыс орындарын ротациялау, дәлірек айтқанда, айналдыру тәжірибесінен шыққан. Пол Харристің идеясы үлкен қала бизнесі әлемінде достық пен ынтымақтастық рухын көтеру болды. Көп ұзамай топқа жаңа Rotary мүшелері қосылып, олар жұмыс орнында кезектесіп кездесе бастады.

Кездесуде қонақтар дүниежүзінде іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынаста құнды дүние ретінде қолданылатын өз ережелері туралы айтып берді. Және келесі жылдың басында Оңтүстік Кореялықтар біздің емдеу мекемесіне жаңа туған нәрестелерге арналған жылжымалы инкубатор және жедел жәлдем көлігін жеткізу жобасын қарастыратынын айтып өтті. Жобаны Almaty International Rotary Club және олардың президенті Сон Ен Хо басқаратын Чеджу Нохен Ротари клубының демеушілік клубымен бірге жоспарламақ.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz