Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғарда «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» шарасы өтті

Қазақстан Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша жасақталған ақпараттық-түсіндіру тобы ел өңірлерінде «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» шарасы аясында өз жұмысын бастады.

05.10.2023
Аймақ

Оның қызметінің негізгі бағыттары – қоғамда әскери қызметті дәріптеу, жоғары әскери оқу орындарына түсу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және сол арқылы жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу.

Талғар қаласындағы №25 мектеп-гимназиясының үлкен мәжіліс залында Қорғаныс министрлігі өкілдерінің осы қалада орналасқан жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесуі болып өтті. Шараға сондай-ақ «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының белсенділері қатысты.

Кездесу басында сөз алған Қорғаныс министрлігі білім және идеологиялық жұмыстар басқармасының аға офицері, полковник Данияр Құдайбергенов мектеп бітіруші жастарға мамандық таңдау жөнінде өз ақыл-кеңесін айтып, осы тұрғыда әскери борышын өтеген жастарға қандай жеңілдіктер берілетіні жайында кең көлемде түсінік берді.

Ол сонымен қатар әскери борышын өтеген жастардың әскери қызметті жалғастыру үшін арнайы әскери жоғары оқу орындарына түсуіне де мүмкіндігі барын атап өтті.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының өкілі, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің офицері, майор Мұратбек Құлшанов, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің офицері Мирас Калиулин жастарды жоғары әскери оқу орындарында оқуға шақыра отырып, олардағы жеңілдіктер мен артықшылықтар және кейбір ерекшеліктер жөнінде тартымды әңгімеледі.

Айталық, біріншіден, жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін мектеп бітіруші түлек оқуға түсетін жылы 30 сәуірге дейін жергілікті Қорғаныс істері жөніндегі департаментке барып өтініш білдіреді. Ол өтінішке жауап ретінде талапкерге қажет құжаттардың тізімдемесі беріледі. Екінші, ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинауы керек. Үшінші, жоғары әскери оқу орындарындағы бейіндік пәндер – математика-физика және математика-география. Талапкерлер осы пәндерден кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден кемінде 4 балл жинауы керек. Төртінші, ҰБТ-ның нәтижесі мен жиналған құжаттардың барлығын алып, талапкер 15-20 шілде аралығында жоғары әскери оқу орнына тапсырады. Содан кейін комиссия құрылып, қабылдау кезеңі басталады.

Ең бір ерекше айтатын жайт, жоғары әскери оқу орындарына түскен жастарға стипендия беріледі. Жылына екі рет демалысқа шыққанда ауылдарына барып-қайту жолақысы тегін. Сондай-ақ, биылдан бастап қыздар факультеті ашылған.

«Бір сөзбен айтқанда, қазіргі уақытта Отан қорғаушы мамандығын иелену өте абыройлы әрі ол – әрбір азаматтың қасиетті борышы», – деп қорытындылады өз ойын оқушылар алдында тебірене сөйлеген офицерлер.

Шара барысында Қазақстанның Ұлттық патриоттық тәрбие орталығы Алматы филиалы өнерпаздарының қатысуымен тартымды концерт өтті. Ұрмалы және үрмелі аспаптар әскери оркестрінің сүйемелдеуімен өтіп, «Туған ел», «Өз елім», «Жас сарбаз» сияқты ондаған патриоттық әндер шырқалып, 400-ден аса оқушы мен қонақтардың рухын көтеріп, отаншылдық сезімдерін нығайтқаны күмәнсіз.

Әскери тәртіпке сәйкес өте жинақы, әсерлі және жүйелі өткен жиынға Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Талғар аудандық басқармасының бастығы, подполковник Серік Медеуов қатысты. Шара барысында мектеп фойесінде әйгілі қолбасшы Иван Васильевич Панфиловтың жиен немересі Алуа Байқадамова жетекшілік ететін Алматы қаласы мемлекеттік-тарихи музейі филиалының әскери экспонаттары қойылған көрме ұйымдастырылды. Онда партизандық қозғалыс қаһарманы, снайпер Тілеуғали Әбдібеков, Кеңес Одағының батырлары Тоқтар Төлегенов, Талғат Бигелдинов, панфиловшы батырлардың экспонаттары, сондай-ақ, Сағадат Нұрмағамбетов туралы мәліметтер болды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz