Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері зейнеткерлер мен ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Халықаралық қарттар күні 1990 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланды және 1991 жылы алғаш рет тойлана бастады.

04.10.2023
Аймақ

Қарттар күні қарт адамның қоғамдық өмірдегі маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуге бағытталған. Біздің елімізде бұл күн мерекелер тізіміне енгізілген.

Бұл күннің мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, аға ұрпаққа құрмет, мейірімділік, қамқорлық көрсетудің маңыздылығына тоқталу.

Қазан айының бірінші күні – қарттар күні тойланады. Бұл мереке біздің қоғамда үлкен өмір жолынан өткен, адал еңбегімен және еліміздің өндірістік, ғылыми және мәдени әлеуетін құруға белсене қатысқаны үшін жалпыадамзаттық құрметке ие болған адамдарды құрметтеу күні ретінде кеңінен танылды. Осыған орай, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы 82 жастағы қала тұрғыны Вера Дмитриевна Аминоваға барып, азық-түлік себетін сыйға тартты.

Сондай-ақ, қарттар күнін мерекелеуге орай Талғар ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Е.Тергеусізов, Алматы облысы Төтенше жағдайлар ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Қабыловпен бірлесіп, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің ардагері ПЧ-15 Бедарев Павел Константиновичке алғыс хат пен сыйлық табыстап, құттықтады. Зейнеткер көрсетілген ілтипат пен көңіл үшін шынайы алғысын білдірді.

Қарттар күнін мерекелеу аясында Іле ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Азаматтық қорғаныс зейнеткерлері кеңесінің төрағасы Сидарчук Галина Николаевнамен бірге ардагерлер Сидарчук Мария Андреевна мен Чечет Владимир Михайловичке қонаққа барып, алғыс хат пен ардагерлер кеңесінің атынан ақшалай сыйлық табыс етті.

Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Мират Өтегенұлы Қабылов және Сидарчук Галина Николаевнамен бірге ардагерлер Кибалин Герман Петрович пен Марченко Виктор Даниловичке алғыс хат пен арнайы сыйлығын табыстады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен барлық жеке құрамы Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері мен аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасында тыныштық тілейді!

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz