Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Балқаш ауданындағы Қарағаш мектебі күрделі жөндеуден өтеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданына іссапары барысында Миялы ауылындағы Қарағаш орта мектебіне барды.

04.10.2023
Сұхбат

Бұл нысан 1967 жылы салынған. Сол уақыттан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Мектепке жеңіл — желпі жөндеу ғана жасалған. Жылу жүйесі дұрыс істемегендіктен оқу ошағындағы 3 кабинет жабық тұр. Ол кабинеттердің тоз-тозы шыққан. Сонымен қатар мектеп іргесі отырып, қабырғалары қақырай бастаған.

«Дәретхана министрліктің талабына сай салынбаған. Басында мектеп жобасында асхана қарастырылмаған. Кейіннен бірнеше кабинетті біріктіріп, асхана еттік. Биылғы оқу жылында 110 бала ыстық тамақпен қамтылған. Бірақ, тамақтанатын орын таршылық етіп отыр. Ауланы да абаттандырып, мектеп қоршауын ауыстыру керек», — деді мектеп директоры.

Қазіргі таңда мектепте 195 оқушы оқиды. Мектепалды даярлық тобында 17 бала бар.

Нысанды аралаған өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жобалық-сметалық құжат дайын болса, ендігі жылы күрделі жөндеу басталатынын айтты.

Бұдан кейін облыс әкімі ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Тегтер: Алматы облысыБалқаш ауданыМарат Сұлтанғазиевмектеп

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz