Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғашқы ет өңдеу комбинаты биыл ашылады

Алматы облысында 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын 138 жобаның 16-сы Кеген ауданына тиесілі. Ал биыл тартылған инвестиция көлемі 3 млрд 881 млн теңгені құраған.

29.09.2023
Аймақ

Кеген ауданы негізінен ауыл шаруашылығы саласына маманданған. Сондықтан инвестициялық жобалар да осы саламен тығыз байланысты. Мысалы, қазіргі таңда Тасашы ауылында Алматы облысындағы алғашқы ет комбинаты салынып жатыр. «Кеген мяспром» ЖШС-да тәулігіне 50 ірі қара, 150 ұсақ мал, 10 жылқы сойылады. Жылына 2500 тоннадан астам ет, 330 тоннадан астам шұжық, 70 тоннаға жуық консерві өндірілмек. Мұнда мал бордақылау, мал сойылатын алаңдар, кәріз-тазарту жүйесі, санитарлық аймақ болады. Зауыт биыл желтоқсанда қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Жоба жүзеге асса, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Келесі жүзеге асып жатқан жоба – «Great Steppe Heritage», яғни, Бестөбе су қоймасында форель шаруашылығын құру. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тонна форель өсіруге жеткілікті болады деп жоспарланған. Шаруашылықтың жер көлемі де ауқымды – 13 гектар. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы аяқталған.

Сондай-ақ Кеген ауданында «Талас» өндірістік кооперативі бар. Бұл кооперативтің жұмысы сүт өндіруге негізделген. Алғашында серіктестік басшылары Чехиядан асыл тұқымды «Сементал» сүтті сиырының 80 басын әкелген. 2022 жылы «Алатау» сүт бағытындағы ірі қара малын алып, сиырдың жалпы санын 164-ке жеткізген. Қазіргі таңда мұнда күніне 400 литр сүт өндіріледі. Жұмыспен қамтылғандардың саны – 15. Ендігі жоспар – сиыр басын 400-ге жеткізіп, сүт өндірісін кеңейту.

Айта кетейік, облыста егістік жерлерінің көлемі 462 мың гектарға жетсе, оның 7%-ы, яғни 30,9 мың гектары Кеген ауданына тиесілі. Оның 65%-ын жем-шөп (20,1 мың га), 26%-ын дәнді дақылдар (8 мың га), 8,1%-ын картоп құрайды (2,5 мың га). Ауданда сыйымдылығы 800тонна болатын  1 көкөніс қоймасы бар. Сонымен қатар мал шаруашылығы дамыған және жылқы саны бойынша аудан облыста 3-ші орынды, қой және ешкі саны бойынша 5-ші орындалады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта шегірткеге қарсы күрес күшейді: биыл 11 мың гектардан астам жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Алматы облысында 360 мыңнан астам оқушы бір мезетте ағаш дәнегін екті

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төлем берілді

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz