Оқу-жаттығудың жоспары бойынша Балқаш ауданы Бақанас ауылының №10 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне әуе кемесі апатты жағдайда қонғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖ департаментінің, Апаттар медицинасы орталығының, «Қазавиақұтқару» АҚ, Балқаш ауданының жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жіберілді.

Оқиға орнына келген соң сағат 12.06-да Бақбақты ауылдық округінен Балқаш қаласына қарай бет алған, Қарағанды облысы Балқаш қаласының Бақбақты ауылы әуеайлағының бағытын жасаған up-EC119 маркалы тікұшақ қозғалтқыштың істен шығуына байланысты апатты жағдайда қонғаны анықталды. Нәтижесінде 4 адам, 1 экипаж мүшесі және 3 жолаушы зардап шекті.

Апат болған жерде жедел штаб құрылды.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті, олардың біреуі Ми-8 әуе кемесімен Қонаев қаласының Орталық қалалық ауруханасына, қалғандары жақын маңдағы Бақбақты ауылдық округінің ауруханасына жеткізілді.
Оқу-жаттығуға Алматы облысы ТЖД 33 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, Қазавиаәлесқорғау АҚ 4 қызметкері мен 1 МИ-8 тікұшағы, Балқаш полиция бөлімінің 5 қызметкері мен технигі, ЦӘК 3 қызметкері мен технигі, орталық аудандық аурухананың 4 қызметкері мен технигі жұмылдырылды.
Оқу-жаттығулар — барлық жұмылдырылған қызметтердің іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдайда шұғыл көмек көрсетуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Бірлескен оқу-жаттығу нәтижесінде басталғанға дейін қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.





