Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тауар сататын интернет-ресурстар «сауда объектілеріне» теңестірілмек

Елімізде тауар сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстар «сауда объектілеріне» теңестірілмек. Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев айтты.

28.09.2023
Саясат

«2023 жылдың 6 айында Онлайн саудаға қатысты тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны 2021 жылға қарағанда 400 пайыз өсті. Осыны ескере отырып, заң жобасымен шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптаға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылады», — деді Қайрат Балықбаев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының таныстырылымы барысында.

Оның атап өтуінше, бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін ӘҚБтК 193-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар заң жобасында құқық қолдану практикасы мен тұтынушыларды құқықтық қорғаудың нәтижесіне әсер ететін әртүрлі түсіндірмелері бар бірқатар құқықтық олқылықты, норманы жою ұсынылады», — деді вице-министр.

Тегтер: Қайрат Балықбаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz