Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Нарынқолда 6 оқушыны көлік қақты: бір бала әлі реанимацияда

Алматы облысының Нарынқол ауылында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтты.

27.09.2023
Аймақ

«21 қыркүйек күні болған оқиға салдарынан ауыр жарақат алған оқушылар алдымен, Нарынқолдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Облыстағы дәрігерлер шұғыл түрде консилиум өткізіп, нақты емдеу шараларын жүргізіп, балалардың хәлі бір қалыпқа келгеннен кейін облыстық ауруханаға ауыстырды», – деді Лейла Серікбаева.

Спикердің сөзінше, бүгінде облыстық аурханада бес бала жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде, төртеуі травматология бөлімшесінде ем қабылдауда. Қазіргі таңда науқастардың беті бері қараған.

«Балалардың алған жарақаты ауыр болды. Аяқ-қол сүйектері сынған. Аудандық аурухана дәрігерлерінің арқасында алғашқы көмек көрсетіліп, науқастар біртіндеп облыстық ауруханаға жеткізілді. Ота жасалып, сүйектері қалпына келтірілді. Емдеу шаралары толықтай жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта, аман-сау үйлеріне шығарылады деген үміттеміз», – дейді Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының директор орынбасары Асқар Қалиев.

Еске салайық 21 қыркүйек күні Алматы облысының Нарынқол ауылында «Subaru» көлігін тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім 6 оқушыны қағып кеткен болатын. Бір бала медициналық тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Белгілі болғандай жасөспірім ағасының көлігін рұқсатсыз айдап әкетіп, дүкенге бармақ болған.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz