Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында атақты брендтің кондитерлік фабрикасы пайда болады

Бұл туралы «LOTTE Рахат» АҚ өкілдері Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен кездесуде айтты.

22.09.2023
Аймақ

Инвесторлар Алматы облысынан 20-30 гектарды құрайтын қолайлы жер телімін таңдау мүмкіндігін қарастыруда. Алдын ала есептеулер бойынша, инвестиция көлемі шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Жұмыс істеп тұрған зауытты қуаттылығын кеңейте отырып, жаңа алаңға көшіру жоспарланып жатыр. Бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің ішкі нарықтағы орнын нығайтып, экспорттық жөнелтілімдердің үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

«Бұл жоба облыстың, сондай-ақ жалпы еліміздің индустриялық дамуына серпін беріп, кемінде 1000 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы.

Жоба 2030 жылдан кешіктірмей аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, «LOTTE Рахат» акционерлік қоғамы 75 жыл бұрынғы Қазақстандағы кондитерлік өнімдерді шығаратын ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Кондитерлік өнімдердің алғашқы өндірісі 1942 жылы спирт зауытының аумағында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан эвакуацияланған жабдықты пайдалана отырып ұйымдастырылды.

«LOTTE Рахат» АҚ-да 4500-ге жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орындары Алматы мен Шымкентте екі учаскеде орналасқан. Бүгінгі таңда LOTTE Рахат АҚ ассортимент қоржынында 14 түрлі топқа жататын түрлі кондитерлік өнімдердің 400-ден астам атауы бар.

«LOTTE Рахат» АҚ – қант диабетімен ауыратындар үшін арнайы өнімдер шығаруды игерген Қазақстандағы жалғыз кондитерлік кәсіпорын. Бұл ассортимент құрамында калориясы төмендетілген шоколад, кәмпиттер, печенье және вафлидің бірнеше түрі және қантты баламалы табиғи шикізатпен алмастыру кіреді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz