«Жалған операторлардың» қызметін мемлекеттік мекемелер, білім беру объектілері және өзге де мекемелер пайдаланды. Бұл ретте техникалық байқау стансысына «кірмей» қашықтықтан өткізілді.
«Тергеу экспериментімен бір техникалық тексеруге 25 және одан да көп минут жұмсалатыны анықталды, тиісінше, адал техникалық байқау операторы күніне орта есеппен (12 сағат) 29-30 техникалық тексеру жүргізе алады. Алайда іс жүзінде олардың саны 50-ге жетті», — деп атап өтті Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство сондай-ақ 22 операторға тиесілі техникалық байқау стансыларының 25 мекенжайы өздерінің нысаналы мақсаттарына сәйкес келмегенін анықтады. Стансылардың орнына медициналық орталыққа, косметология мен сұлулық салонына қызмет көрсететін объектілер, дүкендер, кафелер, автотұрақтар және техникалық тексерумен байланысты емес басқа да қызмет түрлері орналасқан.