Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 317 мың адамның медсақтандыруы жоқ

Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

13.09.2023
Аймақ

Спикердің сөзінше, Алматы облысында тұратын халық саны — 1,5 млн. Оның 317 мыңнан астамында медсақтандыру жоқ. Бұл өңір халқының 22%-н құрайды. Десе де, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде медициналық қызмет түрлерін алуға құқылы.

Сонымен қатар маман Қазақстанда емханаға тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталатынын айтты. Бұл жұмыстар 15 қарашаға дейін жалғасын табады.

Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Мәселен, тұрғындар электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы тіркеле алады, ол үшін ЭЦҚ қажет. Сондай-ақ, халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға жүгіну арқылы тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжаты болуы шарт.

«Науқан кезінде медициналық- санитариялық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс», — деді Лейла Серікбаева.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz