Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында оқушылар демалыс күндері оқуға мәжбүр

Алматы облысында 180 балаға есептелген мектепте бүгінде 1000-ға жуық оқушы үш ауысымда білім алуда. Орын тапшылығынан олар демалыс күндері оқуға мәжбүр.

12.09.2023
Аймақ

Іле ауданы, Жаңаталап ауылындағы орта мектеп 15 жыл бұрын салынған. Демографиялық өсімге байланысты білім ордасында орын тапшы.

«Кейбір сыныптарда бір партаға 3 баладан отыр. 3 ауысымда оқиды, сабақ 35 минут болады. Қазір 21 ғасыр», – дейді ата-аналар.

Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Қаткеева осындай мәселе бар екенін растады. Оның айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын көрші ауылда 600 орындық жаңа оқу орнының құрылысы басталғанымен, жөндеу жұмыстары күні бүгінге дейін аяқталмаған.

«Олар жөндеу жұмыстарын қазан айында ғана аяқтауды жоспарлап отыр, сондықтан бұл мектепке бала қабылдап үлгермедік. Әзірге біз 6 күндік кестемен жұмыс істеп жатырмыз. Үзілістерді сәл қысқарту керек болды. Қашықтау болғандықтан, балаларды жақын маңдағы ауылдарға жеткізе алмаймыз», — деді басқарма басшысы.

Бүгінде Іле ауданында 19 мектептің балалары үш ауысымда білім алып жатыр. Шенеуніктер жаңа білім ошақтарын салу арқылы мәселені шешуге тырысып бағуда. «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша облыста 10 білім беру нысаны салынып жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы дәстүрлі бокс турнирі жас чемпиондардың жаңа буынын анықтады

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Ауылдан әлемдік аренаға: AUYL SPORT спортшылары халықаралық турнирлерде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында тағы бір республикалық жол ақылы жүйеге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz