Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданында көктемгі сел ағу маусымына дайындық басталды

Биыл көктемде Ұзынағашта еріген қар суы сел боп аққан болатын. Ендігі жылы осы жағдай қайталанбауы үшін әкімдік ерте қамданып жатыр.

07.09.2023
Аймақ

«Аудан әкімі Нұрлан Ертас Ынтымақ ауылы мен Ұзынағаштың ортасындағы су ағатын өткелдерді, арықты және көпірлерді аралап шықты. Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары да аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстарды қолға алады», — деп жазды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ертастың айтуынша, су тасқынына қазірден бастап дайындалу қажет. Себебі, қыс түскен соң қимылдау кеш болады.

«Тау бөктерінен ағатын қардың суын ауылға жібермеуіміз қажет. Ауылға бағытталған суды Ұзынағаштың шығыс және ортасындағы өзенге апаратын терең арықты жөндеу қажет. Бұл жұмыс өте маңызды. Тұрғындардың ауласына, баспанасына зиян тимеуін қамтамасыз етеміз», — деді әкім.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz