Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыс маусымы басталды

Алматы облысында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыс маусымы басталды. Осыған орай, өңір орталығы Қонаевта жасақшылар үшін ауқымды кеш ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары шақырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

01.09.2023
Аймақ

Аудан-қаладағы, шалғай жатқан ауылдардағы жасақшылардың барлығы Қонаев қаласына шақырылып, маусымның салтанатты ашылуы өтті. Биыл 19 жылдық дәстүрге сай, жобаны материалдық-техникалық жарақтандыруға қаражат бөлініп, жасақшылар арнайы формамен қамтылған.

«Жасыл ел» еңбеккерлері жыл бойы экологиялық акцияларға қатысып, өңірді тазартумен қатар абаттандырумен айналысады. Сонымен қоса, қоғамдық жұмыстарға тартылып, түрлі қайырымдылық шараларына атсалыспақ.

«Биыл 1200 жасты жұмыспен қамтып отырмыз. Көбіне еңбек жасақтары Кеген, Райымбек аудандарында құрылып отыр. Біз тек экологиялық акциялармен емес, қайырымдылық шараларымен де айналысатын боламыз. Жобамыз көп», — деді облыстық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Балжан Досалы.

Бүгінде топқа мүше болған жастар қоғамдық жұмыстарға дайын. Экологиялық акцияларға білек-сыбана кіруге әзір екендерін айтады.

«Менің жеке кәсібім бар. Бұған дейін мүгедек жандарға қайырымдылық жасадым. Балам бар. Алда осындай экологиялық бағдарламаға қатысу үшін осында келдім», — деді жасақ мүшесі Артем Уйгуров.

Кеш көрермендері үшін Мұзарт тобының мүшесі Кенжебек Жанабілов және жас әншілер Нұрмұхаммед Жақып, Baygun өнер көрсетті. Мұнымен қоса, кеш көрігін «Рабат» этно-ансамблі қыздырды.

Жалпы бұл бағдарламаға 14 жастан бастап мектеп оқушылары, студенттер және 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz