Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі тұрғындарды Конституция күнімен құттықтады

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

30.08.2023
Сұхбат

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Баршаңызды халқымыз үшін маңызды мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақстан Конституциясы – халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі», – деп айтып өткеніндей, қай елдің болсын тұрмыс-тіршілігі қандай да бір заң қағидаттарымен реттелетіні сөзсіз.

Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениет игіліктерінің барлығы қамтылған. Қазақстан аумағында тұратын барлық азаматтардың тең құқылы өмір сүруі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

Ата Заң мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айғақтайды. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген халықтық Референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи-әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.

Ардақты жерлестер!

Ата Заңымыздың арқасында заманауи мемлекет құра алдық. Біз мұны зор мақтанышпен айта аламыз.

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Конституция күнінде тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт өмірімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz