Аталған оқиғаға қатысты дерек қылмыстық кодекстің 300-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелген. Соның нәтижесінде 1951 жылғы Д. есімді жоғарыда аталған аумақтың иесі ұсталды.
Күдіктінің ауданы 1 гектар жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталып отыр. Тәлкіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 тоннаны құрады.
«Сондай-ақ тінту барысында екі иір ойықты мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, 5,56 мм оқтармен жарақталған оқсауыт, тепловизор, лазерлік көздеу және басқа да қару-жарақтың керек-жарақтары анықталып, тәркіленді. Дерек негізінде ҚР ҚК 287-бабы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізу басталды», — деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте.
Осыған қатысты барлық деректер бойынша тиісті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.





