Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданында 39 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,6 млрд. теңгеге жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 75,7 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Ертас облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділовтың аудан депутаттарымен өткізген кездесуінде айтты.

25.08.2023
Аймақ

Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы саласында облыстағы үлесі — 9,7%.

Аудан әкімінің айтуынша, соңғы 6 айда 10,4 мың тонна ет, 50,7 млн. дана жұмыртқа, 30,4 мың тонна сүт өндірілген.

Жиын барысында Нұрлан Ертасұлы ортақ жайылымдық жерлердің аздығы күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап өтті.

«Аудандағы 1 млн. 931 мың гектар жердің 1 млн. 496 мың гектары ауыл шаруашылығына арналған жер болып табылады, оның 90 пайыздан астамы жайылымдық жер. Мал басына шаққандағы норматив бойынша 212 мың гектар ортақ жайылым жер қажет», — деді Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас.

Аудан бойынша жалпы көлемі 39 мың 69 гектар жер учаскелері мемлекет теңгеріміне қайтарылып, 54 елді мекенге ортақ жайылым жер ретінде тұрақты пайдалануға берілген.

Одан бөлек шаруа қожалықтарында пайдаланылмай жатқан 49 мың гектар жайылымдық жер қайта айналымға енгізілді.

«Ауданның жұмыс тобымен анықталған ауылшаруашылық бағытындағы пайдаланылымай жатқан жайылым жер көлемі 55,6 мың гектар. Анықталған 55,6 мың гектар жер 17 ауылдық окрутегі 79 шаруа қожалығына тиесілі, аталған жерді мемлекетке қайтару үшін нақты шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде», — деп түйіндеді аудан басшысы.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz