Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 11 мектеп оқу жылына дайын емес

Алматы облысында жөндеуден өтіп жатқан 11 мектеп жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдай алмайды, деп хабарлайды "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

23.08.2023
Аймақ

Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны тек келесі жылы ғана пайдалануға беріледі. Соның бірі – Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы мектеп.

«Білім мекемесі 1960 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Мұнда 600-ге жуық бала оқып келген. Құрылысы жоспар бойынша келесі жылдың наурыз айында бітуі тиіс. Бірақ мердігер мекеме осы жылдың соңына дейін аяқтап береміз деп отыр. Оған дейін балалар осы елді мекендегі бұрынғы ескі мектепте оқиды», — дейді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев.

Күрделі жөндеу біткенше 640 оқушы №32 мектептің ескі ғимаратында оқитын болады. Алматы облысында үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі өзекті. Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан осы мәселе бойынша көп мектепті аралап шықты.

«Былтырдан бері өңірлерді аралап келемін. Әр аймақта үш ауысымды мектептердің проблемасы бар. Облыстағы қала іргесінде тұрған мектептердің мәселесі күн тәртібінде тұр. Әсіресе Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле ауданында бұны жеделдетіп шешу керек. Өйткені, саяжайдағы азаматтар балаларын көршілес елді мекендегі мектептерге тасып әлек», – дейді депутат Жанарбек Әшімжанов.

Депутаттың айтуынша, облыс мектептері жаңа оқу жылына 100% дайын. Алайда кейбір мектептер тек екінші тоқсаннан бастап пайдалануға беріледі. Өйткені құрылыс жұмыстарын бітіріп үлгермейді.

Жаңа оқу жылында 43 мектептің бесеуі үш аусымда оқытуды жалғастырады. Жалпы, облыста үш ауысымды оқытатын 51 мектеп бар.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz