Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта спорт күніне орай салтанатты шара өтті

Алматы облысында спортшылар кәсіби мерекесі күні марапатталды.

18.08.2023
Аймақ

Аймақтағы спорттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат Сарабеков арнайы құттықтады.

«Алматы облысында спорт саласына тиісті дәрежеде көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Мәселен, спортшыларды әлеуметтік қолдау, спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты дамыту бойынша біраз істер атқарылды. Алдағы уақытта өздеріңізбен бірлесе отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенімдемін. Біз жыл сайын дәстүрлі түрде спорт қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, кәсіби Спорт күні мерекесін атап өтіп келеміз. Баршаларыңызға баянды бақыт тілеймін», — деді құттықтау сөзінде Ерболат Сарабеков.

Бұл күні спортқа бар ғұмырын арнаған саңлақтардың мерейі үстем болды. Салтанатты шарада ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі және министрліктің Құрмет грамотасы, Алғыс хат, «Спорт саласының үздігі», «Спорт жанашыры» төсбелгілерімен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясына, Қарасай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұжымына автокөліктің кілті табысталды.

Еске саламыз, өткен жылдан бері 8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Сонымен қатар, Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында 60 орынды спорт кешені пайдалануға беріліп, 7 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылға дейін өңірде спорттық 15 ғимарат салу жоспарлануда.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz