Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында балалар ауруханасы ашылады

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында жылына 60-70 мың бала қаралады. Оның 30 мыңы стационарда ем алады. Бұл туралы өңірлік баспасөз мәслихатында аталған аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Асқар Қалиев мәлімдеді.

10.08.2023
Аймақ

Аурухана 2011 жылы мемлекет басшысының пәрменімен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында бой көтерген. Бұл емхана облыстағы жалғыз балалар ауруханасы. Емдеу мекемесі 200 төсек орынға арналған, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өңірдегі барша науқас балалар аталмыш мекемеге жеткізіледі.

Аймақта халық санының артуына байланысты қазіргі таңда қосымша балалар ауруханасын ашу қажеттілігі туындауда дейді маман.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйғарымымен алдағы уақытта Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы аурухана жанынан тағы бір аймақтық балалар ауруханасы ашылмақ. Қазір құжаттары әзірленіп, қандай медициналық көмек түрлері көрсетілетіні талқылану үстінде», — дейді Асқар Қалиев.

Спикердің айтуынша, Іле ауданындағы облыстық балалар ауруханасына алыс елдімекендерден науқастарды тасымалдау қиынға соғады. Сондықтан, аймақтық балалар ауруханасын ашу өңірдегі бүлдіршіндердің денсаулығын жақсарту үшін қажет.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz