Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 72 бала вирустық «А» гепатитіне шалдыққан

Бауырдың қабынуынан туындайтын бұл кесел жас талғамайды. Ресми деректер, Алматы облысында соңғы 7 айда 181 адамның аталған дертпен ауырғанын көрсетуде, оның 72-і 14 жасқа дейінгі балалар.

10.08.2023
Аймақ

Өкінішке орай, Талғар, Іле және Балқаш аудандарында ауруға шалдыққан адамдар саны жоғары.

Алматы облысы санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Қапсаламованың келтірген деректеріне сүйенсек, оқушылар арасында гепатитпен ауыру 13 есеге өскен.

«Бұл вирус көбіне 9-11 және 4 сынып оқушыларында көп кездесуде. Бүгінгі күні өңірде ауру ошағы деп 66 нысан анықталды», — деді спикер.

Аймақта, созылмалы парентералдық гепатиттердің 389 жағдайы тіркелген. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатиті – 117 (30%), созылмалы вирустық «С» гепатиті – 272 (70%). Былтырғы жылмен салыстырғанда созылмалы вирустық «В» гепатиті 2 жағдайға төмендесе, созылмалы вирустық «С» гепатиті 32,8%-ға артқан.

«14 жасқа дейінгі балалар арасында созылмалы парентералдық вирустық гепатиттердің 18 жағдайы, ал 15-17 жас арасындағы жасөспірімдер арасында 2 жағдайы тіркелді. Облыс бойынша вирусты В гепатитті жұқтырған адамдармен қарым-қатынас орнатқан 50 тұлға және 374 реципиентке арнайы екпе салынды», — деді Саулет Баймұхаметқызы.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz