Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жүкті әйелге екі ота бір сәтте жасалды

Шілде айының соңында аурухананың қабылдау бөліміне оң жақ бетінің аймағында ауырсыну мен қан кетуге байланысты отыз жастағы әйел келіп түсті.

10.08.2023
Аймақ

Науқастың айтуынша, ол бұрын жеке стоматологиялық клиникаға барып, оң жақтан 1,7 тісін алдырып тастаған. Кішігірім отадан кейін, тіс жұлынған жерден қайта-қайта қан кетіп, ауырсынулар байқалған.

«Бір айдан астам уақыт бұрын мен жеке тіс дәрігеріне барып, тісімді жұлғыздым. Кейін азу тіс аймағында қан кете бастады. Тіс дәрігеріне қайта қабылдауға барғанда, ол тек қосымша тігістер салып берді», — дейді науқастың өзі.

Науқас жақ-бет хирургиясы бөліміне өте ауыр жағдайда келді, оның гемоглобині төмендеп, оң жақ беті ісіп, тістің еті қызарып, шамадан тыс мөлшерге ұлғайып кеткен. Сонымен қатар, науқас жүктіліктің 37-ші аптасында болды.

«Әйелдің жүктілігін ескере отырып, біз клиника директоры Э.А. Берикова, перзентхана меңгерушісі, гинеколог, медициналық бөлім бойынша орынбасары және жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің дәрігерлерінен тұратын шұғыл консилиум жинадық. Консилиум гемоглобиннің сыни деңгейіне және ұзақ уақыт бойы қан жоғалту көлеміне, сондай-ақ жалпы анестезиямен жақ-бет операциясын жүргізуге байланысты науқасқа кесарь тілігі және қан құю операциясын жүргізу туралы шешім қабылдады», — дейді бөлім меңгерушісі Марат Искаков.

Ота кезінде хирургтар жаппай қан кетуді ескере отырып, сыртқы ұйқы артериясын байлап тастады. Осыдан кейін гематомалар мен сүйек сынықтары алынды. Хирургиялық операция кезінде жоғарғы жақ сүйегінің төменгі перфорациясы және жоғарғы жақ остеомиелиті табылды, сөйтіп 1.6, 1.8 тістер алынып тасталды. Толық операциядан кейін және перфорация жабылғаннан кейін науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне ауыстырды.

Бүгінгі таңда науқас пен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, олар жақын арада үйге шығарылады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz