Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласының құрылысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылады

Бүгін Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Осыған орай, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат Мұсылманбеков тілшілерге сұхбат берді.

01.08.2023
Аймақ
Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Бас сәулетшінің сөзіне сүйенсек, Қонаевта құрылыс 2 кезең бойынша жүзеге асырылады. Ең алдымен құрылыс ескі шаһар аумағында басталады. Мұнда әкімшілік кеңселер, тұрғын үйлер, мұз айдыны, спорттық-сауықтыру орталықтары салынады. Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарына ортақ велосипед жүргізушілер жолы, бульварлар салу да жоспарланып отыр. Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар, ескі үйлер сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

«Құрылыстың ескі қала аумағында басталу себебі – Бас жоспарға сәйкес, мұнда 100 мың адам тұрғылықты мекен етеді деп жоспарланған. Яғни, әлі де қала келбетін ретке келтіріп, тұрғындар өмір сүруге ыңғайлы ортаны қалыптастыру қажет. «Жаңа Іле» аумағындағы қаланың бөлігі де 100 мың тұрғынға есептелген», – деді Болат Мұсылманбеков.

Ал екінші кезең – «Жаңа Іле» төңірегіне инженерлік желілерді тартудан басталады. Жалпы құрылысты бастау үшін экономикалық кешенді жоспар әзірленіп, Үкімет қарауына ұсынылады. Содан кейін қаржы бөлініп, барлық іс-шара қарқын алмақ. Қазірдің өзінде шаһар тұрғызуға ниетті инвесторлар көп. Алайда, оларды түбегейлі құрылысқа тарту үшін алдымен инфрақұрылым мәселесін шешу қажет – дейді бас сәулетші.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

1 of 6
- +

«Жауапты компания өкілдері 200 мың тұрғынға арналған қаланың Бас жоспарын дайындауға 6 ай уақыт жұмсаған. Одан кейін жоспарға бірнеше рет өзгерістер енгізіліп, жоба қоғамдық тыңдалым және сарапшылар талқысынан өткен», – деді басқарма басшысы.

Бұған дейін бекітілген жоспар бойынша шаһар көлемі – 9000 гектар. Ал жаңа жобада бұл аумақ екі есе үлкейтілді, яғни 19 мың гектарды құрайды.

Қонаев қаласы жобасының ерекшелігі – жасыл желекті нысандардың (парк, арборетум, ботаникалық бақ) көп болуы. Мұның барлығы «Жаңа Іле» аумағында бой көтереді. Сондай-ақ ол аумақта транспорттық-логистикалық хаб бой көтереді. Себебі, Еуропа және Қытай арасын байланыстыратын теміржол Алматы облысының жаңа орталығында орналасқан. Жобада аэропорттың орныда қарастырылған. Көлдің оң және сол жақ бөлігін байланыстыратын автожол көпірі де салынбақ.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыбас жоспарБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz