Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» дүбірлі додасы басталды

Райымбек ауданының Қарасаз ауылында бүгін ұлттық ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» республикалық жарысы басталды. Біріншілік әр жылдары Райымбек және Талғар аудандарының әкімі, Алматы облысында түрлі лауазымды қызметтер атқарған Жолан Омаровты еске алуға арналған.

21.07.2023
Аймақ

Қарасаз атшабарында басталған турнир бағдарламасында құнан бәйге (10 шақырым), топ бәйге (20 шақырым) және Аламан бәйге (35 шақырым), сонымен қатар қыз қуу, жамбы ату және теңге ілу сайыстары бар.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, медаль, кубоктардан бөлек ақшалай сыйақы да қарастырылған. Аламай бәйгеде 1 орынға көлік, 2 орынға 1 500 000 теңге, 3 орынға 500 000 теңге тігілген. Топ бәйгеде 1 орынға көлік, 2 орынға 1 000 000 теңге, 3 орынға 500 000 теңге тігілген. Құнан бәйгенің жүлде қоржынында 1 орынға 1 500 000 теңге, 2 орынға 500 000 теңге, 3 орынға 200 000 теңге қарастырылған. Сайыстарда 1-7 орын аралығындағы жеңімпаздарға ақшалай жүлде табысталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 көлік және 7 миллионға жуық теңгені құрайды.

Дүбірлі дода еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту және ұлттық спортты насихаттау, ұлттық ат спортына қызығушылықты арттыру, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, дәстүрлі ат бәйгесінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыр. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Райымбек ауданының әкімдігі, Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу орталығы, Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы, Алматы облыстық «Бәйге» федерациясы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жарысқа еліміздің барлық өңірінен және Алматы облысының аудандарынан шабандоздар қатысып жатыр.

Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау салтанаты 22 шілде күні кешке өтеді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Кегенде экс-шенеунікке қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Алматы облысында конкурдан Қазақстан чемпионаты аяқталды: жеңімпаздар анықталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қазақстанда журналистердің мәртебесі қалай өзгерді? Медиа саласындағы негізгі реформаларға шолу

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz