Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құрғақ шөп 21 рет өртенді

Алматы облысының ТЖД мәлім еткендей, жоғары температуралық фонға байланысты тауларда өрт қаупі жоғары болып тұр. Оны еліміздің әр аймағында болған ірі өрттері растайды.

19.07.2023
Аймақ

«Өрт қаупі бар кезең басталғаннан бері облыс аумағында мемлекеттік орман қоры аумағындағы құрғақ шөптер мен өсімдіктер 21 рет өртенді. Жалпы ауданы 16 418 га, материалдық шығыны 19 млн 681 мың теңге, елді мекендерден тыс жерлерде 148 га алаңда құрғақ шөп 99 рет өртенді», — деп хабарлады ТЖД-да.

Алматы облысының Талғар және Қарасай аудандары мен бекеттерінде өрт қаупі бар кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 120 әскери қызметші жауынгерлік кезекшілік атқарады. Олар Іле өзені бойындағы құтқарушылар базасындағы азаматтық қорғаныс 28237 әскери бөлімінің сарбаздары.

«Әскери қызметшілермен орман өртіне әрекет ету және алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері әскери қызметшілермен бірлесіп күн сайын халықтың демалатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді. Рейдтік іс-шараларды өткізу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілер, орман шаруашылығы және ұлттық парктер тартылады. Азаматтық қорғаныс күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО-дан 51 адамнан тұратын 10 мобильді топ құрылды», — делінген ТЖД-ның хабарламасында.

Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, құрғақ шөптің өртенуіне әкелген өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін 23 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 1 млн 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматы облысының ТЖД облыс тұрғындарына, туристерге және қонақтарға өрт қаупі бар маусымда өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz