«2 маусымда Қарасай аудандық Полиция басқармасына BMW X7 автокөлігіндегі белгісіз адамдар атыс қаруын заңсыз тасымалдап, сақтауы мүмкін екені туралы хабарлама түсті. Көлікті тексеру барысында 4 500 000 теңге көлемінде ақша болғаны, оны белгісіз біреулер ұрлап алғаны туралы дерек анықталды», — деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеулердің бірыңғай тізіміне тіркелді.
«Қазіргі уақытта қылмыстық деректі толық және жан-жақты анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция қызметкерлері.
Ұсталған ер адамның туыстары ақша Қарасай аудандық Полиция басқармасы автотұрағында тұрған кезде көліктен жоғалып кеткенін айтады. Олардың айтуынша, көлік бір айдан аса уақыт сол жерде тұрған және 7 шілдеде эвакуатор көмегімен айып тұрағына қойылған. Дәл сол кезде ірі көлемдегі ақша жоғалды деген дерек анықталған.






