Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жағажай самбосынан республикалық чемпионат өтті

Спорт додасы Қапшағай су қоймасының жағалауында ұйымдастырылды.

17.07.2023
Аймақ

Турнирге еліміздің 10 облысынан 150 спортшы қатысты.  Олар командалық және жекелей есепте 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

«Самбо спорттық және жауынгерлік самбо деген екі бағыттан тұрады. 2014 жылы бізде «жағажай самбосы» атты жаңа спорт түрі пайда болды. Ол алғаш рет Таиландтағы IV жағажай Азия ойындарының бағдарламасында ұсынылды, жағажай самбодан алғашқы әлем чемпионаты 2021 жылы Кипрде өтті. Екіншісі — 2022 жылы Израильде. Қазақстан үшін самбоның бұл түрі жаңалық емес. Бізде ерлер арасында жағажай самбодан әлем чемпионы Айдынбай Қайырберді және әлем жүлдегері Жұмабай Парасат бар. Екі спортшы да Атыраудан», – деді самбодан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Асылбек Тәкенов.

Чемпионатта үздік ойын үлгісін көрсеткендер биыл Доминиканада өтетін ІІІ әлем біріншілігіне қатысады.

Жарыс нәтижесі келесідей:

Жалпы командалық есепте:

1-орын — Қарағанды облысы;

2-орын — Алматы облысы;

3-орын — Батыс Қазақстан облысы.

Командалық жарыс бойынша:

1-орын — Алматы облысы;

2-орын — Қарағанды облысы;

3-орын — Қызылорда облысы.

Жекелей есепте:

Әйелдер  арасында:

  • 50 келі салмақ дәрежесі бойынша:

Бажаева Маргарита / Қарағанды облысы

  • 59 келі:

Төребай Айнұр / Жетісу облысы

  • 72 келі:

Сүлейменова Риза / Батыс Қазақстан облысы

  • +72 келі:

Абенова Арайлым / Алматы облысы

Ерлер арасында:

  • 58 келі:

Бақыт Ерасыл / Батыс Қазақстан облысы

  • 71 келі:

Сағатбеков Самат / Алматы қаласы

  • 88 келі:

Сапар Болат / Қарағанды облысы

  • +88 келі:

Естай Ермұхан / Қарағанды облысы.

Тегтер: Алматы облысыжағажай самбоҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz