Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы пандустар талапқа сай келмейді

Алматы облысы орталығында мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігі ескерілмейді. Мұндағы мемлекеттік мекемелердің кіреберісіндегі пандустар талапқа сай емес, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Жетісу телеарнасына сілтеме жасап.

13.07.2023
Аймақ

Қайрат Әзірбай – Қонаев қаласындағы белсенді азаматтың бірі. Өндірістік жарақат алып, арбаға таңылғанына 2 жылдан аса уақыт болған. Соған қарамастан, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азаматтың айтуынша, Қонаевтағы мемлекеттік нысандар мүгедек жандардың жүріп-тұруына сай жабдықталмаған. Басқасын былай қойғанда, қалалық әкімдік ғимаратындағы пандус қолдануға мүлдем жарамайды.

Ал жауаптылардың сөзінше, алдағы уақытта пандустар салынады деп жоспарланып отыр. Бұл жұмысқа 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

«Баға ұсыныстарын сұрату арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізіп қойғанбыз. Жеке кәсіпкер ұтып алған. Осы жерде оның барлығын ақылдастық. Подъемник болады жанында», — деді Қонаев қалалық әкім аппараты заң бөлімінің басшысы Мақсат Орынбасаров.

Келесі нысан – облыстық прокуратура. Мұнда пандус мүлдем жоқ.

«Мен адамдарды көмекке айқайлап шақырып аламын. Кейде есік ашық тұрады, кейде жабық тұрады», — деді Қайрат Әзірбай.

Прокуратура мамандары болса, бұл нысанның жақында ғана осы мекемеге өткенін айтып ақталды.

Сондай-ақ жабдығы жоқ мекеменің бірі – Мәдениет үйі. Көлемді шаралар өтетін орында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. Халыққа қызмет көрсету орталығында пандус болғанымен, лифт істеп тұрған жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz