Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жастар ресурстық орталығы жанынан «Көшбасшы» жастар клубы құрылды

Клубтың ашылу салтанаты Кеген ауданында өтті.

29.06.2023
Аймақ

«Көшбасшы» әр салада жетістікке жеткен, тың идеяға толы тұлғалардың басын біріктіру мақсатында іске қосылды. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдап, озық ойларымен ел дамуына, өркендетуге белді бекем буып отыр.

Шарада Жастар ресурстық орталығы «Хан тәңірі» жастар қоғамдық бірлестігі және Жамбыл аудандық мәслихат депутаты, меценатымен меморандум жасасты. Жалпы, бұл маңызды басқосуға өңір депутаттары, Спорт және дене шынықтыру басқармасы өкілдері, еріктілер және дебатшылар, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшілері қатысты.

Жалынды жастар қатарында Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы ҚБ облыстық филиал басшысы Бекжан Сүнбеков, Жапон еліндегі «Жапон-қазақ» мәдениет үйінің төрайымы, «Жақын Жапония» кітабының авторы Жадыра Сембай, жазушы Жұлдыз Сәбитова, «Алматы облыстық Азаматтық Альянс» президенті Балжан Досалы, облыстық пікірсайыс қозғалысының жетекшісі, республикалық пікірсайыс ойындарының жеңімпазы Дамир Валиханов бар.

Айта кетерлігі, Алматы облысында ғылым, білім, кәсіпкерлік саласында көш бастаған жастар жетерлік. Жастар ресурстық орталығы жалындаған жас буынды қолдау мақсатында түрлі жобаны жүзеге асыруда.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz