Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, облыс әкімінің қатысуымен Қонаевта салтанатты кеш өтті.

26.06.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Ең алдымен аудан, қалалардан жиналған тілшілер қауымы Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты.

Фото: Аслан Қажеке

Салтанатты шарада сөз алған Марат Сұлтанғазиев облыстық «Огни Алатау» газетінің ұжымын басылымға 105 жыл толуымен құттықтады.

«Жаңадан ірге көтерген облысымызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен қабылданып жатқан шешімдер ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптелуде. Осы ретте қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Біз ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби деңгейін арттыруға, редакциялардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға әрдайым жіті көңіл бөлетін боламыз. Бұл тарапта нақты жоспарларымыз да бар екендігін жеткізгім келеді. Мереке құтты болсын!», — деді алдағы жоспарлармен бөліскен өңір басшысы.

Облыс әкімінің Алғыс хатымен:

  • Тұнғатар Қуаныш Абайбекұлы — «Алатау арайы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары
  • Нұржауова Шолпан Халықовна — «Алатау арайы» газетінің жауапты хатшысы
  • Токанова Жанат Айнукатовна — «Алатау арайы» газеті бас редакторының үйлестірушісі
  • Мықтыбаева Жанар Жексімбековна — «Огни Алатау» газеті бас редакторының бірінші орынбасары
  • Алимбетова Найля Уменовна — «Огни Алатау» газетінің корректоры
  • Исаев Алмас Серикбаевич — «Огни Алатау» газетінің беттеуші-дизайнері
  • Сарғожин Азамат Сәбитұлы — «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» SMM бөлімінің жетекшісі
  • Жұмағұл Сұлтан Тілекұлы — «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» SMM бөлімінің видеографы
  • Жұмағазықызы Ақерке — «Alataunews.kz» ақпараттық бөлімінің тілшісі
  • Cабырова Анар Сабырқызы — «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» SMM бөлімінің менеджері
  • Қажеке Аслан Ғалымжанұлы — «Алатау арайы» газетінің фототілшісі марапатталды.

Кешке арнайы қатысқан Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы Мейрам Жанәділов «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен қайтыс болғаннан кейін «Алатау арайы» газетінің Кеген, Райымбек аудандарындағы меншікті тілшісі Қанат Біржансалды марапаттады. Төсбелгі әйелі Кенжегүлге табыс етілді.

Жиын соңы шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz