Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қуат Байғоджаев журналистерді келе жатқан БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында мерекелік іс-шара өтті.

26.06.2023
Аймақ

Өңірдің ақпарат саласының үздіктері бас қосқан жиында партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев құттықтау сөз сөйледі.

Қуат Сұлтанұлының айтуынша, демократиялы қоғам орнатуда, мемлекетті дамытуда журналистиканың маңызы зор. Кезінде Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ой түйіндеп, журналистика саласының маңызы тереңде екенін айтқан. Қазір ақпараттық технология дамып, газет, телеарна радиодан бөлек интернет сайттары мен порталдардың жұмысы күшейді, жаңалықты жедел ұсынудың жолдары көбейді. Әлеуметтік желілердің өзі ақпарат таратуда маңызға ие болып отыр. Журналистика саласына артылар жүк ауырлап, «төртінші билік» өкілдерінен біліктілік пен шапшаңдық, шынайы отаншылдық талап етілуде.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші ақпарат айдынында жүрген журналистердің еңбегі. «AMANAT» партиясы мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз ынтымақтастықтығы арқасында газет беттерінде маңызды мақалалар, телеарналар мен әлеуметтік желіде өзекті тақырыптар көтеріліп, бұқараға жария болуда. Сіздердің кәсіпке деген адалдығыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге зор үлес қосып келе жатқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс пен еңбегіңізге жеміс тілеймін!», – деді Қуат Байғоджаев.

Шара барысында аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына партия төрағасы Қуат Байғоджаевтың Алғыс хаты табысталды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz