Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді

Жиын барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты берген тапсырмаларын орындау шаралары туралы Премьер-министрдің, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерінің баяндамаларын тыңдады.

25.06.2023
Саясат

Бұл оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екеніне қарамастан, аталған жағдайға еліміздің азаматтары алаңдаушылық танытты. Қазақстан мен Ресей арасын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп жатыр. Президент Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресей билігінің конституциялық тәртіпті орнату және өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларын қолдағанын еске салды. Мемлекет басшысы әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі келісімді құптады. Президент кез келген мемлекеттің ішкі саясатында, соның ішінде Қазақстанда да, қоғамдық тәртіп пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі қағидаты басты басымдық болуға тиіс екенін айтты.

Жиында еліміздің қаржы-экономикалық тұрақтылығын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Президент барлық ведомство басшыларына дағдарыс жағдайындағы ықтимал қатерлерге қарсы әрекет етуге дайын болуды тапсырды.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкімет әзірлеген шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдады.

Тегтер: Басты жаңалықтарЕлордакезектен тыс отырысПрезидент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ірі ет өңдеу зауыты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.10.2026

Алматы облысында 4,1 млрд теңгеге жаңа емхана ашылды

Қорлан Нұрланқызы
27.10.2026

Бішкекте түркі елдерінің журналистері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
26.10.2026

Алматы облысында Республика күніне орай 250-ге жуық іс-шара өтіп, 28 жаңа нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz