Биыл 16 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауында Жолан Омаров атындағы «Жетісу жүйрігі» республикалық жарысы өтеді.
Ұлы аламан бәйге 46 км, кіші аламан бәйге 21 км, құнан-бәйге 11 км, ал жорға жарысы 9 км болады.
Жарыс аясында: қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату және аударыспақ сынды ұлттық ойындар көрсетіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде — автокөлік.